31/10/18|Информация для клиентов

«L-CAPITAL» АҚ артықшылықты акцияларды үшінші орналастыру туралы хабарлайды

«L-CAPITAL» АҚ артықшылықты акцияларды үшінші

орналастыру туралы хабарлайды

  1. Толық атауы: «L-CAPITAL» акционерлік қоғамы (әрі қарай Қоғам).

Қоғамның атқарушы органының орналасу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Амангельді көшесі, 59а үй.

  1. Бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік №А5970 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен 2014 жылдың 17 наурызында берілген. Куәлікке сәйкес бағалы қағаздар шығарылымына KZ1C59700019 ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген 25.500.000 (жиырма бес миллион бес жүз мың) жай акцияға және KZ1P59700115 ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген 8.500.000 (сегіз миллион бес жүз мың) ерекше құқылы акцияларға бөлінген. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіліміне А5970 нөмірімен енгізілген.

Орналастырылатын акциялардың саны мен түрлері: артықшылықты акциялардың  63 321 (алпыс үш мың үш жүз жиырма бір) данасы.

  1. Артықшылықты  акциялар бойынша орналастырылатын (сатылатын) бағалы қағаздардың санына орналастырылған акциялар (қоғам сатып алғандарды шегергенде) санының ара қатынасы– 2 654 544 : 63 321.
  2. Акционер орналастырылатын артықшылықты акцияларды сатып алудың ерекше құқығына сәйкес сатып алу арызын бере алатын мерзім Қоғаммен жазбаша түрдегі хабарламаны берген немесе www.l-capital.kz интернет сайтындағы корпоративтік веб-сайтында Қоғамның артықшылықты акцияларын орналастыру (өткізу) жөніндегі осы хабарламаны жариялаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
  3. Акцияларды шығару жөніндегі проспектпен немесе олар жөніндегі басқа ақпаратпен интернет желісіндегі www.l-capital.kz корпоративтік веб-сайтында немесе Қоғамның Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Амангельді көшесі, 59а үй мекенжайында орналасқан Корпоративтік хатшы Баяндина М.О. ханымнан танысуға болады.
  4. Бір артықшылықты акцияны орналастыру құны 700 (жеті жүз) теңгені құрайды.

Сатып алудың ерекше құқығына сәйкес сатып алынатын орналастырылатын артықшылықты акциялар үшін төлеу акционермен оларды сатып алу жөніндегі арызды тапсыру күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Орналастырылған артықшылықты акцияларды төлеу, бастапқы сатып алуға акционерлердің құқықтарын жүзеге асырғаннан кейін акционермен оларды сатып алу жөніндегі арызды тапсыру күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Келіп түскен арыздардың нақты орындалуы, төлемді қабылдау және артықшылықты акцияларды тапсыру Қоғаммен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады

     Арыздарды тапсыру акционерлермен және инвесторлармен тікелей Қоғамға келесі мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Амангельді көшесі, 59а үй «L-CAPITAL» Акционерлік қоғамы, Басқарма Төрағасы – Құрманбеков Асан Асилтаевич  мырзаға, тел. 8/727/346-98-58, электронды поштаның: info@l-capital.kz мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

      31.10.2018ж.

  «L-CAPITAL» АҚ Басқарма Төрағасы                                        Курманбеков А.А.

Орындаушы: Баяндина М.О.

Корпоративті хатшы

т. 346-98-58 (ішкі нөмірі 117)